Бүгін, 2025 жылғы 3 ақпанда Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың саны туралы нақтыланған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Qazyr.kz.
2025 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Қазақстанда 20 286 084 адам тұрады. Бюро мәліметінше, 2024 жылы қазақстандықтардың саны 252 242 адамға өскен.
Халық тығыз орналасқан облыстарға келсек, олардың қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы бар. Қала мен облыста сәйкесінше 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.
Қала халқының саны 12 774 743 адам болса, ауылдық жерлерде 7 511 341 адам тұрады.
Соңғы мәліметтер бойынша, ел астанасында 1 528 887 адам тұрады. Қазақстанның үшінші қаласы Шымкентте 1 256 263 адам тұрады.
Қазақстан халқының саны 2024 жылғы 1 желтоқсанда 20 265 320 адамды құрады, оның ішінде: қала тұрғындары – 12 751 309 адам; ауыл тұрғындары – 7 514 011 адам.