Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстанда адам тәрізді роботтар құрастыратын кәсіпорын іске қосылады

AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар өндірісі мен AI шешімдерін енгізетін кәсіпорын құрады, деп хабарлайды Qazyr.kz. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

AgiBot компаниясы — AI мен робототехниканы біріктіру саласындағы көшбасшы компания.

«Кәсіпорын ашу туралы келісімге Қазақстанның цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен AgiBot, ewpartners, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ компанияларының арасында Digital Almaty 2025 жыл сайынғы форумында қол қойылды. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар мен жасанды интеллект шешімдерін өндіру және енгізу бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, AgiBot компаниясы әмбебап адам тәрізді роботтарды әзірлеу және өндірумен айналысады. Былтыр желтоқсанда Шанхайдағы AgiBot кәсіпорны 1000 робот шығарды.

Әріптестік аясында AgiBot компаниясы цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, роботтар мен роботтандырылған жүйелерді оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосады деп күтілуде.

Бірлескен бастамаларды қаржыландыруға ewpartners жеке инвестициялық қоры және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысады деп жоспарлануда.

«Жақын арада Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығында AgiBot роботтарының тәжірибелік үлгілерін көрсететін көрме мен бірлескен ҒЗТКЖ (R&D) орталығы ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар компания қазақстандық университеттермен ынтымақтастық орнатып, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу және студенттерді робот жинауға оқыту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр», — дейді ведомстводағылар.

Ұқсас жаңалықтар

Отандық өндіріс импорттық тауарларды ішкі нарықтан ығыстыруды бастады

admin_qazyr

Павлодарда 2 апта бұрын жоғалған жігіттің жағдайы белгілі болды

Redaktor Site

Жетісу облысында Наурызды мерекелеу аясында 240-қа жуық іс-шара өткізіледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz