-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет экспорттауды бастайды

Қазақстан Ресей аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен   ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды жолға қояды,-  деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей Премьер-министрлерінің келіссөздерінің барысында айтылды. Сондай-ақ тараптар Қазақстаннан бидай және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізген. Енді еліміздің шаруалары өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығару мүмкіндігіне ие болады. Былтыр фермерлер өсірген астығын сата алмай шығынға батқан болатын. Сұраныс болмағандықтан бидай бағасы 40 теңгеге дейін құлдырап, есіл еңбек зая болды. Бүгін Астанада  Қазақстан мен Ресей Үкімет басшылары бас қосып экономикадағы ынтымақтастықты, ықпалдастықты одан ары дамытуды талқылады. Нәтижесінде көлік инфрақұрылымын жетілдіру мен логистика саласында бірқатар шараларды жүзеге асыруда уағдаласты. Ресей өз териториясы арқылы Еуропаға бидай мен ет тасымалдауда Қазақстанға мүмкіндік тудырып отыр.

«Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық», — деді Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі  Азат Сұлтанов.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда мысықтың бейнесі бейнеленген мың теңгелік монета айналымға шығады

redaktor_qazyr

Әкімдерді тікелей сайлау жүйесі енгізіледі — Тоқаев

redaktor_qazyr

Ян Топлес пен JKS Comic Con Astana-2024 фестивалінде құпиялары мен лайфхактарын бөлісті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz