Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімҚазірҚоғамПайдалы кеңестерРуханиятСаясат

Қазақстан Республикасының әнұраны

QAZYR.KZ:Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет отырысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды

admin_qazyr

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысын жалғастыруда.

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы. Сұрақтар жауабымен

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz