Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстан спорты легионерлерге бір тиын да қаржы төлемейді

Парламент Мәжілісінде Легионерлерге мемлекет және квазимемлекеттік сектор бюджеті есебінен  қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды.  

Осылайша, легионерлер мемлекет есебінен жалақы алмайтын болады. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын спорт түрлерінің саны үш есе қысқарады. Заңға «жоғары жетістіктер спорты» деген түсінік енгізіліп, қаржы енді соларға бағытталады. Бұл: Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Пара Азия және ұлттық спорт түрлері.

Мұндай шешім Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Париж Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты және де  Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жылдық қуаты 1 млн тонна жүгері өңдеу зауыты салынуда

admin_qazyr

Тербелген Қазақ елі

admin_qazyr

Президент ұлағатты ұстаздар тұтас ұлтты тәрбиелейтінін атап өтіп, жастардың бойына адал азаматқа тән қасиеттерді сіңіру өте маңызды екенін жеткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz