Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Қазақстан жасанды интеллект экожүйесін дамытады: суперкомпьютер іске қосылды

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту жайы талқыланды деп хабарлайды Qazyr.kz

Жиында  QazTech ұлттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, мемлекеттік органдар мен салаларды одан әрі цифрлық трансформациялау жоспары қаралды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жақында іске қосылған суперкомпьютер мемлекеттік органдардың деректерін өңдеу орталығымен біріктірілді. Бұл қадам Қазақстандағы ЖИ инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллектті дамытудың институционалдық негізі ретінде 2024–2029 жылдарға арналған Тұжырымдама қабылданды және «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді. Сонымен қатар, AI Corporate, TUMO Center, AI People сияқты білім беру бағдарламалары арқылы кадрлар даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Жиын барысында азаматтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдер – E-agent, eGov AI, AI-терапевт, tax helper, SDU, E-аудармашы сияқты жобалар таныстырылды.

Министрліктің дерегінше, цифрландырудың платформалық моделін енгізу жаңа IT өнімдерді іске қосу уақытын бірнеше жылдардан алты айға дейін қысқартады. QazTech платформасы бірыңғай стандарттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес әзірленіп, толық іске қосылуы 2025 жылғы тамызға жоспарланған.

Қазіргі уақытта платформада мемлекеттік интернет-портал, Smart Bridge, Қоршаған ортаның ұлттық мәліметтер базасы және басқа да маңызды сервистер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай барлық мемлекеттік органдар халықаралық озық тәжірибеге сүйеніп, соның ішінде Сингапур үлгісін қолдана отырып, цифрлық трансформация карталарын дайындауда. Бұл карталар жасанды интеллект пен заманауи технологияларды пайдалану арқылы негізгі процестерді оңтайландыруға бағытталған.

Премьер-Министр Олжас Бектенов суперкомпьютер мен ұлттық ЖИ инфрақұрылымы мемлекеттік сектордың жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, бизнеске де мемлекеттік деректер базасында өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, цифрлық трансформация карталарын бір ай ішінде аяқтауды тапсырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ әдебиеті

Redaktor Site

Қасым-Жомарт Тоқаев шет ел дипломаттарынан сенім грамоталарын қабылдады

admin_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz