Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Шымбұлақта ECODAY: Алматы тұрғындары табиғатты сақтаудың жаңа үлгісін көрсетеді

Алдағы сенбі, 19 шілде күні Алматыдағы әйгілі тау курорты «Шымбұлақ» қала тұрғындары мен қонақтарын EcoDay — экологиялық бастамалар күніне шақырады деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараның басты мақсаты — таулы бағыттарды тазалап қана қоймай, әр адамға табиғатты сақтауға қалай үлес қосуға болатынын көрсету.

EcoDay таңертеңгі жалпы қалалық сенбіліктен басталады: қатысушылар «Шымбұлақ» базалық станциясынан Қаза тапқан альпинистер мемориалына дейін жол бойын қоқыстан тазалайды. Сенбіліктен кейін қонақтарды бай бағдарлама күтеді — жергілікті брендтердің экотауарлар жәрмеңкесі, пластикті сұрыптау мен қайта өңдеу бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Recycle Birge қозғалысы қалдықтарды дұрыс сұрыптау және нақты не нәрсе қайта өңделетіні туралы үйретеді. Ал HelloEco шеберлік сабағында күнделікті өмірде бір реттік заттарды көп реттік баламалармен қалай алмастыруға болатынын көрсетеді.

Жәрмеңкеде «нөлдік қалдық» концепциясындағы дүкен өнімдері, қайта өңделген шыныдан жасалған бұйымдар, Іле Алатауы шөптерінен дайындалған ботаникалық паннолар, Қазақстанда жасалған экологиялық гигиена құралдары сатылады.

— «EcoDay-де біз тек қайта өңдеу мен саналы тұтыну жайлы айтпаймыз, оны өз қолымызбен қалай жасауға болатынын көрсетеміз. Қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасады — бұл тұрақты өмір салтына алғашқы қадам», — дейді Recycle Birge қозғалысының тең құрылтайшысы Пакизат Сайлаубекова.

Осы күні жиналған пластик пен басқа да қайта өңделетін қалдықтар Recycle Birge орталығына жеткізіледі. Қыста сол қалдықтан жасалған шаңғы мен сноуборд қондырғылары дайын болып, қайта өңдеудің шынайы үлгісін көрсетеді.

Іс-шараға  Іле-Алатау ұлттық паркі, «Медеу» өңірлік табиғи паркі, Алматы альпинизм федерациясы, WildNature Volunteers, Recycle Birge және HelloEco экоқоғамдастықтары қолдау білдіріп отыр. Шара Алматы қаласы әкімдігі жобалық офисінің қолдауымен өтеді.

Шараға қатысушылар 19 шілде күні таңғы сағат 8:30-да «Медеу» базалық станциясында жиналады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: Әлеуметтік нысандардың құрылысы басты басымдықта болуға тиіс

admin_qazyr

Алакөлде тәртіп орнады: Жүзу құралдарына бақылау күшейіп, жағажайлар жаңғыртылуда

admin_qazyr

Қазақстанда бензин мен мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz