32.3 C
Шымкент
16-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Қазақстанда банктерге клиенттердің құқықтарын қорғау бойынша жаңа талаптар енгізіледі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Атап айтқанда, құжатқа жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау жөніндегі жаңа бөлім енгізілді. Бұл жаңашылдықтар банктердің клиенттермен жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Енді банктерде клиенттердің құқықтарын сақтау бойынша арнайы, банк құрылымдарының күнделікті қызметінен тәуелсіз бөлімше жұмыс істеуі тиіс. Оның негізгі функцияларына мыналар кіреді:

Қызметкерлер мен уәкілетті агенттердің клиенттердің құқықтарын сақтау саясатына сәйкес жұмыс істеуін бақылау (оның ішінде «құпия сатып алу» әдісі арқылы);

Қарыздарды қайта құрылымдау шешімдерін қабылдау тәртібін келісу;

Қаржы өнімдерінің шарттарын мақұлдау кезінде тәуекелдерді бағалау;

Жарнама мен қаржы өнімдерін насихаттау тәжірибелерін талдау;

Келіп түскен өтініштер мен арыздарды талдау және қызмет көрсету сапасын бағалау;

Банктік займ шарттарына өзгеріс енгізу туралы өтініштерді қарау процестерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Сонымен қатар, банктер жыл сайынғы операциялық жоспарлардың орындалуын бақылап, проблемалық қарыздарды азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауы тиіс.

Жаңа ережелерге сәйкес, банктер ішкі саясаттарында қызметкерлер мен агенттердің этика нормаларын, қаржы өнімдерін ұсыну тәртібін, ашық ақпарат беруді, біліктілік талаптарын және клиенттердің өтініштерін қарау рәсімдерін нақты көрсетуі қажет.

Аталған қаулы 2025 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия Көлік және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығаюда

redaktor_qazyr

Қазақстанда медициналық кітапшалар электронды форматқа ауыстырылды

redaktor_qazyr

Шымкентте жалдамалы пәтерде үндістандық студенттердің мәйіті табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz