Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазір

Қазақстанда Голливудқа жол ашық: NYFA таланттарға тегін оқу мүмкіндігін ұсынады

Қазақстанда креативті индустрияларға қызығушылық танытқан жастар енді Нью-Йорк пен Лос-Анджелестің ірі киноакадемияларымен тең дәрежедегі дипломды өз елінде ала алады. Energo University жанындағы Dala.edge креативті технологиялар паркі Қаскелең қаласында орналасқан New York Film Academy (NYFA) кампусында оқуға арналған гранттар конкурсын жариялады деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазақстан жастарына Голливуд деңгейіндегі білім алуға мүмкіндік туып отыр. Бағдарлама аясында үміткерлерге бір жылдық толық (100%) және жартылай (50%) гранттар ұсынылады. Гранттар екі бағыт бойынша беріледі:

3D-анимация және визуалды эффектілер

Гейм-дизайн

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер өздерінің креативті жұмысын — портфолио, идея немесе концепт дайындап, 2025 жылдың 8 тамызына дейін kaz.nyfa.edu ресми сайты арқылы өтінім тапсыруы қажет. Өтінім бергендердің барлығы автоматты түрде байқауға қатысушылар қатарына енеді.

NYFA дипломы — халықаралық деңгейде мойындалған құжат. Қазақстан кампусында оқу — жастарға шетелге шықпай-ақ америкалық стандарт бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Студенттер тәжірибелі шетелдік оқытушылардан дәріс алып, жоғары технологиялық студияларда жұмыс істейді.

Байқау жеңімпаздарына Dala.edge креативті индустриялар паркінің резиденті болу, жобаларын қаржыландыру мүмкіндігі және кәсіби қауымдастық ресурстарына қол жеткізу секілді артықшылықтар қарастырылған.

Айта кетейік, бұл — NYFA академиясының Азиядағы жалғыз ресми филиалы. 2025 жылдың 1 наурызында академия президенті Майкл Янгтың қатысуымен Energo University жанындағы Креативті индустриялар паркінде филиал ашу туралы онлайн келісімге қол қойылды.

Грант алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз — «Create and Win: NYFA Scholarship Contest 2025» байқауы туралы толық ақпарат пен өтінім беру шарттары мына сілтемеде: https://grants.nyfa-kaz.com/

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Миллионерлер туралы деректер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz