«Қазақстанда қыркүйек айынан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі»,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жоба үкіметтің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына өзгеріс енгізуді көздейді.
1 қыркүйектен бюджеттік ұйымдардың дәрігерлерінің еңбекақысына түзету коэффициенті 2,73-тен 3,42-ге дейін, орта деңгейдегі медқызметкерлерде 2,05-тен 2,34-ке дейін өседі.