Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Елордада 19 жастағы есірткі делдалы ұсталды

«Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қабанбай батыр көшесінде тікелей байланыссыз интернет дүкен арқылы есірткіні өткізген 19 жастағы астаналық жас жігітті анықтады»,-деп хабарлайды Qazyr.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткіні өткізуші 19 жасар жігіт халық көп жиналатын орындарға, орталық саябаққа жасырып қойып кету арқылы есірткіні белгілі бір жерлерге қалдырып отырған. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, жас жігіт қылмыс жасағанын мойындаған және интернет дүкеннің жұмыс жүйесі туралы және ол жерден алатын заңсыз сыйақы туралы айтып берген.

Тінту кезінде,одан ішінде синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылып, тәркіленді. Алынған мефедрон снтетикалық есірткінің жалпы салмағы 40 грамм немесе 150 рет қолданылатын доза.

19 жастағы елорда тұрғыны Астана қаласы Полиция Департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні өткізуге бірге қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтаста ақпан айының қай күндері қар немесе жаңбыр жауады?

redaktor_qazyr

Әлемде алғаш рет интернет қашан пайда болды?

redaktor_qazyr

Шымкент қаласы Ораза кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz