Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясат

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ  

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ.Бұл туралы Qazyr.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеп хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Құдратов көлік саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесуде автокөлік тасымалдарын одан әрі дамыту және елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.
Министрлер жүктер мен жолаушылар транзитін жеңілдету үшін рәсімдерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Әңгіме: Құдай сана бермесе қиын екен

redaktor_qazyr

Мемлекеттік бағдарламамен үй алып береміз деп алдағандар құрықталды

Redaktor Site

Түркістандықтарды шет мемлекеттерге жұмысқа орналастыратын орталық ашылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz