18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірМұнай-газ саласы

Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобалар іске асырылуда

ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы саласында жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатқанын хабарлайды. Бұл жобалар еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беріп, жаңа өндірістерді жолға қоюға, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған жобалардың бірі – 2022 жылы пайдалануға берілген жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт (ЖШС «KPI»). 2024 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын шамамен 250 мың тонна өнім өндірді. Бұл жоба еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, экспорттық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады.

Қазіргі уақытта стратегиялық маңызы жоғары тағы бір жоба – жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт – іске асырудың белсенді кезеңінде. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат және алкилат өндіруге арналған өзге де жобалар дайындықтың әртүрлі сатысында пысықталып жатыр.

Энергетика министрлігінің бағалауынша, көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде өңірлік экономиканың дамуына және халықты жұмыспен қамту деңгейінің артуына елеулі үлес қосады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

admin_qazyr

Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартуды 12 жастан бастап енгізу ұсынылды

redaktor_qazyr

Су басқан өңірлердергі қорадағы жануарлар көшірілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz