Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда теміржолдарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазақстанда теміржолдарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Елімізде жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында теміржолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Көлік министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 1400 шақырымға жуық теміржол жаңартылып, бүгінде жоспарланған жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды.

Жалпы ұзындығы 1352 шақырымды құрайтын негізгі бағыттарда жолдар қалпына келтірілді, олардың қатарында:

«Ақтоғай-Семей-Алтай»

«Шу-Қандыағаш»

«Қандыағаш-Ақсарай»

«Астана-Алматы»

«Алматы-Павлодар»

«Жаңа-Есіл-Көкшетау»

Бұл учаскелерде 569 шақырымға күрделі жөндеу, 181 шақырымға кешенді жөндеу, ал 602 шақырымда жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып, ел бойынша тағы 1480 шақырым жол жөнделмек. Бұл шаралар жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және тасымал қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Күнге күю мен күн тиюден қалай аулақ болуға болады?

redaktor_qazyr

Шағыр: Қайтар жолда көлігі аударылып, жүргізушісі мерт болды

redaktor_qazyr

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz