Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Кісі өлтірген қылмыскердің жеке ақпаратын жариялағаны үшін, журналистті полицейлер жалаңаш күйінде видеоға түсірген

«Кісі өлтірген қылмыскердің жеке ақпаратын жариялағаны үшін, журналистті полицейлер жалаңаш күйінде видеоға түсірген.»

11 тамызда азаматтық белсенді әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

«Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» (147-бап) бабы бойынша айыпталып жатқан журналист Сандуғаш Дүйсенованың уақытша ұстау изоляторындағы қысым туралы жазып, елден көмек сұраған хатын оның көмекшісі Әлия Шагиахмет әлеуметтік желіде жариялады.

“Алдымен, біліп және білмей жасаған күнәм үшін кешірім сұраймын. Ойламаған жерден осылай болып қалды. Ақшамен, адамдарды алдап, өтірік жазып ұсталсам, өкпе жоқ, ешкімнен көмек сұрамас едім. Бар жазығым адам өлтірген кісі жазадан құтылып кетпесін деп айғай-шу көтергенмін. Сол қағазда оның жеке сәйкестендіру нөмірі кетіп қалыпты. Енді, міне, 1,5 жылдан соң арыз жазған”, — дейді өз хатында Сандуғаш Дүйсенова.

Ол мұның тапсырыс екенін, өзін Қазақстан халқы алдында масқаралауды жоспарлағандарын айтқан.

“11 тамызда полицияда тырдай шешіндіріп видеоға түсірді. Сосын уақытша ұстау изоляторына қамауға жапты. Мен ұры, аферист, есірткіқұмар да емеспін. Олардан неге бұлай істедіңдер десем, осылай қинаңдар деген тапсырма түскен. Жылап кешірім сұрайды деп ойлады, бірақ мен өз-өзімді ұстай алады екенмін. Тап-таза төсек, көрпе-жастық беріп, сол жердегі балалар естері шықты. Ыстық шай беріп, көңілімді тапты. Түнгі сағат 00:40 мені үйге жіберді. Енді өз құқым үшін күресемін, сіздерден қол ұшын берулеріңізді сұраймын», — деп жазды журналист.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш қаласы Ораза кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

Ринат Зайытов: Халық масыл емес, тек оған билік жұмыс істеуге мүмкіндік берген жоқ

redaktor_qazyr

Түркістан облысының таулы аймақтарына 8-ші қараша күні қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz