25.3 C
Шымкент
24-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Кризис келсе де, Қазақстан ішкі инвестиция арқылы белсенділікті қыздыратын болады

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында мәлімдеді. Президенттің сөзінше, қазір бүкіл әлемнің болашағы бұлыңғыр болып тұр. Осы алмағайып заманда стратегиялық бағдарымызға сай әрекет ету – алдымызда тұрған аса маңызды міндет.

«Біз қолға алған ауқымды жобаларды жүзеге асыра береміз. Елімізге инвестиция тартып, өнеркәсіп саласындағы әлеуетімізді арттырамыз. Біз қазіргі ахуалды ескере отырып, ұзақ мерзімге арналған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін тиянақты әрі тиімді жұмыс істеуіміз тиіс», — деді Президент.

Ия, соңғы жылдары экономикалық, экстремалды популизм артып барады. Тіпті мемлекет басқарып отырған тұлғалар халықаралық әдептен аттап, ауыр сөйлейтін болған. Территориялды тұтастық бойынша халықаралық құқықты мойындамайтын саясаткерлер көбейді. Ал Қазақстан сыртқы саясаттағы 30 жыл бұрынғы бағытынан тайған емес. Қашан да БҰҰ Жарғысын қатаң ұстануды, Ұйымды реформалауды дәйекті түрде ұсынып келеді.

«Қазіргі жағдайда БҰҰ баламасы жоқ ғаламдық ұйым болып қала береді. Сондықтан біз БҰҰ-ны қолдаймыз. Еліміз түрлі мемлекеттер мен аймақтардың арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, өркениетті диалогты дамытуға дәнекер болу үшін көп күш жұмсап келеді. 20 жылдан аса уақыттан бері барлық негізгі конфессиялардың өкілдері әр үш жыл сайын Қазақстанда бас қосады. Биыл күзде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIIІ съезін өткізу жоспарланып отыр. Былтыр Астанада Съездің Ізгілік елшілері сайланды. Олар адамгершілік идеяларын ілгерілетіп, әлемде диалог пен өзара түсіністік орнатуға ықпал етеді. Халықаралық қатынастардағы сенімсіздікті еңсеру үшін рухани дипломатиядан бөлек, ҚХА қызметімен ұштасып жатқан халықтық дипломатияның да мол әлеуетін пайдалану керек», — дейді, Президент Тоқаев.

Енді берекесіздікке бой алдырмау үшін әлемдік қауымдастық мүдделер тоғысатын тұсты іздеуге, күрделі шешімдер қабылдауға және амалсыз мәмілелер жасауға мәжбүр болады. Қазақстан сыртқы саясатта аса икемді ел. Сондықтан біз түрлі риторикалар арасында өзімізге қолайлы бағытты ұстанып келеміз.

Айбар Олжаев

 

Ұқсас жаңалықтар

Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге бөлінеді

redaktor_qazyr

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жібермек – NYT

redaktor_qazyr

Қытайдан Қазақстанға туристік пойыз жүретін болады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz