Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғамРуханият

Қым-қуыт тіршілікте көп нәрсе бізге мәселе болып көрінері анық

Халима Қалиақпарқызы Өзбақановамын!
Қым-қуыт тіршілікте көп нәрсе бізге мәселе болып көрінері анық. Соның маңыздысы да бар, өткіншісі де бар…
Кластас құрбым бір танысынан етік сұрап алып киіп жүргенде бір сыңарын жоғалтып алып, орнына әперуге ақшасы жетпей, барлық қыздар болып ақшалай көмектесіп жүрген кезіміз. Университет дәлізін бойлай кетіп бара жатқан бір әйел маған қарады. Таныс келбет. Жылы шырайлы, көздері күлімдеген, иман жүзді. Жанына аяңдап барып:
-Сәлембердік, апа!
-Бақытты бол, шырағым!
-Апа, мен Сізді танитын сияқтымын.
-Иә, қайдан білесің?
-Есіме түсіре алмай тұрғаным… Бірақ, болмысыңыз таныс.
-Айналайын, мен Әзілхан аталарыңның жұбайы болам.
-Халима апай?!
-иә!
-Халима Қалиақпарқызы Өзбақанова?
-Дәл өзімін.
-Апа, Сізді көрем деп кім ойлаған? Бұл бір ғажап болды ғой! Сізбен жүздесу бір арманым еді. Менің идеялыма айналған қазақ әйелінің келбетісіз.
(Халима апа байсалды қалпында тыңдап тұр.)
-Әзілхан атамыздың Сізге арнап жазған
«Жарлық жетсе Тағдырдан,
Шыбын жанды қиярсың!?
Таудай болып жүрсең де,
Тар табытқа сиярсың!

Дүниені тірлікте,
Дүбірлетіп жиярсың.
Соның бәрі қалса да,
Жарды қалай қиярсың?». Бұл өлең жолдарынан Сізге деген айнымас ақ махаббаты білініп-ақ тұрған жоқ па, ә, апа?
(Халима апамыз бұл жолы сәл ұялыңқырап, езу тартты.)
-Апа, менің әжем де Сіз секілді бір болмаған адам. Бізге де сол «Тағдырдан жарлық жетіп», екі жыл бұрын атам дүние салды. Әжем аздаған уақыт біздің үйде тұрғанда екі мәрте «Мәңгілік махаббат жыры» кітабын оқып бергем.
Әжеммен қосылып жыламай, өзімді мықты ұстау үшін алдын ала өзім оңашада оқып, бір жеңілдеп жылап алған болатынмын. Әдеби орталарда, достарымның арасында осы кітапты сөзіме арқау етіп отырамын. З.Қабдолов «Менің Әуезовым» десе, мен «Менің Әз-Ағам» деген ойтолғау жазған болатынмын. Менің ең сүйікті жазушым мен ең сүйікті кейіпкерлерім өздеріңізсіздер, апа.
Әз-Ағамыздың «Сенің ұлтарағың» деген өлеңі де керемет!
(сол сәтте жыр жолдарының ешбірі ойыма оралмай қалғаны)
Апа, есіме түспей тұр, мазмұнын жақсы білем, бірақ-дегенімде Халима апам разы болып, аялы алақанымен арқамнан қағып,
-Айналайын, көп-көп рахмет. Бір жасап қалдым. Өркенің өссін. Талабы бар бала екенсің. Оқи бер, ізденуден шаршама. Көп нәрселерге аса назар аудара берме. Алла тілеуіңді берсін,-деп батасын жаудырды.
Оянып кетсем түсім екен. Әлбетте, жақсылыққа жорыдым. Бір жағынан таңданысым да зор болды.
Халима апамен тілдескеніме, ең бір кереметі, арқамнан қаққан аялы алақаны кәдімгідей сезілді.
Соңғы уақыттарда көңіл-күйім болмай, артық іске жауырыным жар бермей жүрген еді. Біраз уақыт шығармашылық үзіліске де түсіп кеттім.
Өмірімде идеал санаған әйелді түсімде көруім мені қанаттандырды, қолыма қаламымды қайта алуыма себепкер болды.
P.S: «Халима! Халима! Халима!
Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас. Халима!
Сағынғаннан Сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас, Халима!»

14.12.2014жыл.
Авт: Ы.Серікбаева

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Әйгерім Тұрлықожа

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz