18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

«Қызылорда – Жезқазған» автожолы қайта жаңарту жұмыстары қарқын алуда

Ұлытау облысы аумағындағы «Қызылорда – Жезқазған» автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқын алуда деп хабарлайды Qazyr.kz

Республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының 216–424 шақырым аралығындағы учаскесінде жолды қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Жоба көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоспар аясында іске асырылуда. Оның мақсаты – өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, көлік қолжетімділігі мен жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру.

2025 жылғы 19 шілдеден бастап аталмыш учаскеде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген өндірістік кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Мердігер ұйымдар қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдырып, құрылыс қарқыны мен орындалу сапасын сақтауға баса назар аударып отыр.

Автожолды қайта жаңғырту – жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастырып, өңірлер арасындағы қатынау уақытын қысқартады, сонымен қатар іргелес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Жұмыстардың тапсырыс берушісі – ҚР Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті.

Жұмыстардың орындалу барысы уәкілетті органдар мен техникалық қадағалау тарапынан тұрақты бақылауда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыс аудандық полиция бөлімі бастығы Бауыржан Қуатов,әкім орынбасары Рысдаулет Айтбаевтың қатысуымен жастармен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

«Алма-Арасан» – термалды бұлақ туристік бағыты қайта жаңғыртылуда

admin_qazyr

Қостанайда,коммуналдық қызметкерлер адамның бас сүйегін тауып алды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz