Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірРуханият

Мадс Миккельсен Қазақстанда қандай фильм түсіргісі келер еді?

Мадс Миккельсен Қазақстанда қандай фильм түсіргісі келер еді?

Бүкіл әлемге «Ганнибал» сериалымен, сондай-ақ «Доктор Стренж», Rogue One: A Star Wars Story, Indiana Jones and the Dial of Destiny фильмдерімен танымал дат актері Мадс Микельсен III Халықаралық Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Мадс Миккельсенмен болған Q&A сессиясын қазақстандық танымал режиссер және клипмейкер Айсұлтан Сейітов жүргізді. Танымал актер өзінің мансабы, ойнаған фильмдері және әрине Ганнибал сериалының жалғасы туралы сұрақтарға жауап берді.

«Шындығында, біз соңғы маусымды аяқтағаннан бері сериалды жалғастыру туралы айтып келеміз. Актерлер де, режиссер де қуана жалғастырар еді. Біз әзірге бізге қолдау көрсететін компанияны таңдай алмай жатырмыз. Бірақ, менің ойымша, тездету керек, өйткені ешқайсымыз жасарып жатқан жоқпыз», — деп жауап берді актер.

Ол қазақстандық фильмдермен, соның ішінде Айсұлтан Сейітов түсірген инди жанрындағы фильмдермен таныс екенін атап өтті. Содан кейін Айсұлтан Мадсты келесі фильміне түсуге шақырды.

Мадс Миккелсен: «Рақмет», — деп жауап беріп: «Енді менің келесі жылы жұмысым бар», — деп қалжыңдады.

Ол сонымен қатар «Ганнибалда» бірге жұмыс істеген Брайан Фуллердің жаңа жобасына қатысып жатқанын айтты.

«Фильм Dust Bunny деп аталады. Бұл балаларға арналған фильм сияқты көрінеді, бірақ шын мәнінде олай емес. Бұл Брайан Фуллер ғой! Dust Bunny төсегінің астында құбыжық өмір сүреді деп ойлайтын кішкентай қыз туралы өте әдемі оқиға. Мен оның көршісін ойнаймын, ол оған құбыжықтың жоқ екенін дәлелдеуге тырысады. Бірақ соңында менің қателескенім белгілі болады», — деп Мадс Миккельсен сценарийдің егжей-тегжейлерін бөлісті.

Сұрақ-жауап сессиясынан кейін «Ганнибал» сериалының жұлдызы әртүрлі елдерден келген журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол баспасөз-конференциясында рөлдері мен шығармашылық жоспарлары туралы айтты. Журналистер Голливудтың көптеген киножұлдыздары ессіз адамдарды ойнайтынын және өз жұмыстарын айна-қатесіз атқаратынын атап өтті.
Олар актерден: «Голливудта ессіздікті тым жоғары бағаламай ма? – деп сұрады.

«Мен өзім көптеген ессіз кейіпкерлерді ойнадым. Бірақ бұл тұрғыда ессіздік маңызды деп ойламаймын. Сіз жаман ойнайтын ессіздерді де, тамаша актерлерді де кездестіре аласыз. Кәдімгі адамдар сияқты жақсы және жаман актерлер бар. Ессіздік актерлерді бағалайтын призма емес», — деп санайды Мадс Миккельсен.

Сондай-ақ ол қазақстандық киногерлермен жұмыс істеуге қуанышты болатынын атап өтті. Ол біздің елде тарихи тұлға – жаулаушы Аттила туралы фильм түсіргісі келер еді.

«Біз мұнда Атилланың қайдан екені туралы көп сөйлестік. Кей ғалымдар оны осы жерден, қазіргі Қазақстан территориясынан шыққан деп есептейді. Біреу оны Моңғолиядан деп айтады. Бірақ ол туралы осында түсірер болсақ, ол сөзсіз қазақ болар еді. Аттиланың оқиғасы өте қызық, оны фильм арқылы ашу тамаша болар еді», — деді Мадс Миккельсен.

Естеріңізге сала кетейік, фестивальдің үшінші күні Мадс Миккельсеннің қолтаңба-сессиясы кешке дейін жалғасты. Ол бір жарым сағатқа созылуы керек еді, бірақ соңында 4 минут үзіліспен 3,5 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде актер тынымсыз қолтаңба беріп, жанкүйерлерімен суретке түсті. Бірақ жанкүйерлер кезегінің ұзақ болғаны сонша, Мадс Миккельсен олардың көңілін қимай, ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін қайта оралуға келісті. Ол сағат 20.00-де бас сахнада тағы екі сағат қолтаңба беруді жалғастырды.

III Халықаралық Comic Con Astana фестивалі 25-28 шілдеде Қазақстанның астанасында өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында түлектер мінген көлік аударылды

redaktor_qazyr

Сағынышым-ау

redaktor_qazyr

Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz