Qazyr.kz порталы
Білім

Мағжан Жұмабаев — қазақ тілі

Қазақ тілі
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Мағжан Жұмабаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Бокстың шығу тарихы

Redaktor Site

2 комментария

Айшабибі 30-Сентябрь, 2024 at 20:47

Неге Мағжанның орнына Мұқағали қойып қойғансыңдар??!!

Жауап беру
redaktor_qazyr 30-Сентябрь, 2024 at 23:57

Қатені түзуледік! Рахмет!🌷

Жауап беру

Пікір жазу

Qazyr.kz