Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Махаббат пен ғашықтықты ажырата аласыз ба?

Фото: freepik

Махаббат пен неке жайлы айтылған және жазылған сұрақтардан көп нәрсе жоқ шығар. Тіпті барлық көркемдік әдебиеттер, философиялық еңбектердің барлығы осы тақырыпқа арналған десек артық айтпас едік. Этикада махаббат ұғымы интимдік және терең сезімдермен, сананың ерекше түрлерімен, басқа адамға, қоғамға бағытталған әрекеттер және рухани жағдайлармен, т.б. байланысады. Махаббаттың күрделігі мен маңыздылығы ағзаның физиологиялық, рухани, индивидуалдық, әлеуметтік, тұлғалық және жалпылама қабылданған бірігулердің жиынтығына негізделген. Ол жайында білмейтін адамда, қоғамда жоқ.
Э.Фром жазған екен: «Махаббат – адамзат өмірінің мәні жайлы сұраққа қанағаттанарлық жалғыз ғана жауап». Оның айтуынша, адамдардың көпшілігі оны өзін-өзі тану мен шешім қабылдаудың адекватты деңгейіне дейін дамытуға қаблеті жеткіліксіз. Жалпы махаббат – шоғырлану, интуиция мен түсіністік іскерлігі мен тәжірибесін талап ететін өнер. Фромның пікірінше, оны қажеттілік деп мойындайтындарды төмендегі жағдайлармен көрсетеді:
1. Адамдардың көпшілігі махаббатқа махаббаттың мүм- кіндігі, қалай жақсы көру керектігі жағынан емес, «қалай сүйікті болсам» деген көзқараспен қарайды;
2. Мәселе жақсы көру қаблетінде емес, махаббаттың өзінде дегенде көзқарастар бар;
3. «Ғашықтық» пен «махаббат жағдайын» шатастыра- тындарда бар, соның салдарынан тәжірибеде ол мүлде басқаша болсада, махаббаттан жеңіл еш нәрсе жоқ деген ұстанымдарда жоқ емес.

Ұқсас жаңалықтар

Күйген теріде тыртық қалмас үшін не істеу керек?

redaktor_qazyr

Журналисттің міндеттері

redaktor_qazyr

Үш жүз туралы не білесіз?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz