Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен америкалық Chevron энергетикалық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады.

Кездесуде ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.

Президент отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігін атап өтіп, Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды.

Майкл Уирт Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Парсы шығанағында жүк терминалын салу арқылы теңіз жолдарына шығады

admin_qazyr

Түркістан облысында полицейлер сенбілікке шығып, 120 түп ағаш көшетін екті

redaktor_qazyr

Енді Қазақстанда Яндекс индрайвер жүргізушілері 8 сағаттан артық жұмыс істей алмайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz