28.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашық есік күні өтті

admin_qazyr

Мал шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несие беріледі

admin_qazyr

Қазақстанда газ саласы дамып, цифрландыру қарқын алуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz