11.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Кездесуде Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды.Компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.

Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді.

2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.

Ұқсас жаңалықтар

«Дикий Арман сотталды»Арман Жұмагелдиевке үкім шықты

redaktor_qazyr

Трамп Зеленскиймен Ресейге зымырандық шабуылына байланысты кездесуден бас тартты

redaktor_qazyr

Ташкентте мемлекеттік қызметкерлерге ұлттық киім кию міндеттеледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz