Qazyr.kz порталы
ӘлемҚазірСаясат

Мұрат Нұртілеу Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы ресми сапармен Вашингтон қаласына іссапармен барды, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Сапар аясында Сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мазмұнды кездесуі өтті. Тараптар саяси және экономикалық өзара іс-қимыл, энергетика, сауда, логистика сияқты екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты пікір алмасты.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара құрмет пен прагматикалық диалог қағидаттарына негізделген Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысын растады. Әңгіме барысында сауда және инвестицияны кеңейту, америкалық озық технологияларды тарту және іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Қазақстан АҚШ-пен өзара тиімді серіктестікті ілгерілету үшін нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниетті», – деді М.Нұртілеу.

Сонымен қатар министр Қазақстанның энергия ресурстары мен аса маңызды минералдардың жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы бұл кездесу екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілету мен өзара байланыстарды нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. «АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту арқылы өзара қызығушылық тудыратын экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге үміт артады», – деді М.Рубио.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Мұқаев: Жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды

redaktor_qazyr

«Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр»

redaktor_qazyr

Қазақстанда НДС мөлшерлемесі 12%-дан 20%-ға дейін көтерілуі мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz