Сурет: insidevoa.com
Нағыз журналистика — бұл дегеніміз тек ақпаратты жеткізу ғана емес, қоғам үшін маңызды шындықты ашу жолында өзін құрбан етуге дайын болу. Бұл мамандық ерік-жігерді, батылдықты, әділеттілікті талап етеді, себебі көп жағдайда журналистер шындықтың бетпердесін ашу арқылы түрлі қауіп-қатерге ұшырайды,ұшырап та жатыр.
Көптеген журналистер соғыс аймақтарында, қақтығыс ошақтарында немесе жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс туралы зерттеу жүргізу барысында өмірлерін қатерге тігеді. Олар өз жұмыстарын адал атқару үшін цензураға, қысымға және қауіп-қатерге қарамастан шындықты жеткізуге тырысады.Айта кетсек, кейбір елдерде журналистерді қудалау, түрмеге қамау, тіпті өлтіру фактілері жиі кездеседі.
Бірақ сол қиындықтарға қарамастан, журналистер қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды маман иелері болып қала береді. Себебі олар адамдардың құқықтарын қорғауға, әділдік орнатуға және әділетсіздікке қарсы тұруға көмектеседі. Сондықтан нағыз журналист болу — бұл үлкен жауапкершілік пен қауіпті жолмен жүріп өтуді,және сол жолдан қайта орала алмастай ізім-ғайым жоқ болып,жоғалып кетуді білдіреді.