Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Неолит дәуірі

Ежелгі Қазақстан тарихы кезеңі б.з.д.V-ІІІ мыңжылдықтағы неолит дәуірімен тікелейбайланысты. Бұл тас өңдеу техникасының гүлдену және еңбек құралдарын даярлаудың одан әрмен мамандандырылу кезеңі еді. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты технологиялық әдістерді қолдану жолға қойылып, тастан балта, кетпен, дән үккіш, ұнтақтағыш, түйгіштер жасалды.
Неолит дәуірінің негізгі сипаты – иеленушіліктен (терімшілік пен балық аулау) өндіруші (мал шаруашылығы мен жер өңдеудің туындауы) шаруашылыққа ауысу болды. Алғашқы тұрғындар қол жеткізген өндіргіш күштердің даму деңгейі басқа да мәдени-шаруашылық жаңалықтардың туындауына сеп болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарында тау-кен ісі мен тоқыма өнерінің бастамасы пайда болды, оларға қыш ыдыстар да таныс болған.
Қазақстанның неолиттік тайпалары өзінің мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктері мен болмысын сақтай отырып, көрші аймақтар мен облыстардың тайпаларымен өзара тығыз байланыса отырып дамыды.

Ұқсас жаңалықтар

Журналист,тележүргізуші Бейсен Құранбектің 8 қағидасы

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қалай келсең солай кетесің

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz