Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарСаясат

«Нүкте қояр сәт келді»Трамп Путинмен жақын арада көрісетінін мәлімдеді

«Нүкте қояр сәт келді»Трамп Путинмен жақын арада көрісетінін мәлімдеді,-деп хабарлайды Qazyr.kz.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Ол кездескісі келеді, және біз дайындық жүргізіп жатырмыз», — деді Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында республикашыл губернаторлармен кездесуі алдында журналистерге.

«Президент Путин кездескісі келетінін бірнеше рет айтқан, тіпті ашық жариялаған. Біз бұл соғысты тоқтатуымыз керек», — деп қосты Трамп, Украинадағы соғысты меңзеп. Ол бұл қақтығысты тоқтатуға уәде бергенімен, оны қалай жүзеге асыратынын нақтыламады.

Ұқсас жаңалықтар

Балаңыз қақалып қалса не істейсіз?

redaktor_qazyr

Қорғаныс министрлігі Назарбаевтың ескерткішін  алып тастау себебін түсіндірді

redaktor_qazyr

Шымкентте 21-22 наурыз күндері қоғамдық көліктер тегін тасымалдайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz