Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақтөбеде айрандай ұйып отырған отбасының барлық мүшелерін бір күнде тұтқынға алған қаскөй ұсталды

Ақтөбеде айрандай ұйып отырған отбасының барлық мүшелерін бір күнде тұтқынға алған қаскөй ұсталды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

2025 жылдың 13 қаңтары күні Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиға бүкіл қала тұрғындарын дүр сілкіндірді. Қаладағы «1905 жыл» көшесінде орналасқан жеке үйге қарулы ер адам басып кіріп, үйдегі барлық отбасы мүшелерін тұтқынға алған.

Үйде 40 жастағы әйел, оның 65 жастағы анасы және 75 жастағы өгей әкесі болған. Қаскөй келіссөздерге көнбей, бірнеше сағат бойы қарулы қарсылық көрсеткен. Жағдай ушыға түскен соң, арнайы қызмет сарбаздары үйге шабуыл жасап, оны ұстап шықты.

Өкінішке қарай, шабуылшы тұтқындарды пышақтап үлгерген. Жәбірленушілердің бірі — 75 жастағы ер адам мен 6′ жарақаттарын. ағы әйел алған тыс болды.

Өкінішке қарай, шабуылшы тұтқындарды пышақтап үлгерген. Жәбірленушілердің бірі — 75 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал, 40 жастағы әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін құтқару үшін бар күштерін салуда.

Құқық қорғау органдары шабуыл жасаған ер адамның жәбірленуші әйелмен жеке қарым-қатынаста болғанын анықтады. Дегенмен, оның осындай қатыгездікке бару себебі әлі белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, қаскөй тиісті жауапкершілікке тартылады.

Ұқсас жаңалықтар

Инфрақұрылым, заң, ғылым: спорттың жаңа кезеңі

admin_qazyr

Қайтарылған активтер қаржысына Семей қаласында Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

admin_qazyr

Мемлекеттік қызметтегі жастарға зор үміт артамыз — Думан Әбілев

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz