21.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Өрт сөндірушілер Ертіс орманында құрғақ ағаштар өртін сөндірді

Өрт сөндірушілер Ертіс орманында құрғақ ағаштар өртін сөндірді.

Бүгін сағат 16.10-де жұмылдырылған күштер мен құралдардың қабылдаған шаралардың арқасында Шарбақты ауданындағы «Ертіс-Орманы» орманшылығында құрғақ ағаштар өртін сөндірді.  Жану ауданы 5,5 гектарды құрады. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – найзағай разряды.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 4 шілдеде сағат 15.28-де Шарбақты ауданындағы «Ертіс-Орманы» орманшылығында құрғақ ағаштар жанды.

Орманшылар ішкі байланыс арнасы арқылы ТЖД қызметкерлеріне жедел ақпарат беріп, өрт сөндіру қызметі дереу ТЖ орнына барды. Оқиға орнында орманшылық қызметкерлеріне Павлодар облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы мен техникасы көмек көрсетті.

Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында өрт 2023 жылғы 4 шілдеде сағат 18:05-те оқшауланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қаупін азайту үшін өрт қаупі бар кезеңде орманда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Redaktor Site

БҚО-да үйіне кеш келген әйелін күйеуі пышақтап өлтірді

redaktor_qazyr

Қашағаннан алғашқы мұнай партиясы Баку портына жіберілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz