Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Өскемен әуежайына қаржылық тексеріс жүргізілуде

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

2022-2024 жылдар кезеңінде және 2025 жылғы қаңтарда облыс аумағында авиаотынды бөлшек саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспардан тыс талдау нәтижелері негіз болды.

Талдау қорытындысы бойынша «Өскемен әуежайы» АҚ-ның іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды-монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде.

Бұзушылықтардың бар-жоғын растайтын немесе жоққа шығаратын объективті деректерді алу мақсатында тергеп-тексеру рәсімі басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Кішкенбаевтың соты белгісіз себептермен кейінге қалдырылды

redaktor_qazyr

ШҚО-да жеті студенттік ассамблея ашылды

admin_qazyr

Қазақ инженерлері жасаған жасанды интеллектсі Google-дің үздік жобалары қатарынан орын алды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz