Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Өскемен әуежайына қаржылық тексеріс жүргізілуде

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

2022-2024 жылдар кезеңінде және 2025 жылғы қаңтарда облыс аумағында авиаотынды бөлшек саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспардан тыс талдау нәтижелері негіз болды.

Талдау қорытындысы бойынша «Өскемен әуежайы» АҚ-ның іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды-монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде.

Бұзушылықтардың бар-жоғын растайтын немесе жоққа шығаратын объективті деректерді алу мақсатында тергеп-тексеру рәсімі басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте балаларына ит-мысықтың етін ас ретінде берген,өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Берік Уәли түрік инвесторлармен кездесті: Абай облысында ірі өндірістік жоба басталуы мүмкін

admin_qazyr

Сара Назарбаева Алматыдағы «Совминкада» емделуде: дәрігерлер ресми мәлімдеме жасады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz