Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамРуханият

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық көрме ашылды

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрме салтанатты түрде ашылды. Іс-шараны Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды деп хабарлайды Qazyr.kz

ЮНЕСКО аясында өткізілген көрме – әлемдік өркениет үшін де маңызды оқиға. Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО-ның халықаралық атаулы даталар тізіміне енгізілген. Көрмеде Алматыдағы Музейлер бірлестігі қорынан алынған 70-тен астам жәдігер қойылды. Оның ішінде композитордың партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары мен Ахмет Жұбанов сыйға тартқан «Дариға домбыра» бар.

Көрмеге түрлі елдердің дипломаттары, халықаралық ұйым өкілдері, Франциядағы қазақ диаспорасы қатысты. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов бұл шараны Тілендиев мұрасына көрсетілген зор құрмет және түркі мәдениетінің жаһандық деңгейде танылуы деп атады.

Көрме 19 маусымға дейін жалғасады және Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық чемпионның бейнесін, туған өлкесіндегі орталық көшелердің бірінде орналасқан тақтаға ілді

redaktor_qazyr

Қазақстан теміржол саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

admin_qazyr

Үкіметте экономиканы дамыту жөнінде кеңес өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz