Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Перизат Қайрат қылмыстық ісі сотқа жолданады

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс алдағы күндері сотқа жолданады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қайраттың іс материалдарымен танысу процесін әдейі созып жүргенін айтып, оған 9 маусымға дейінгі нақты мерзім белгілеген еді.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, күдікті аталған мерзімге дейін іс материалдарымен толық танысып үлгерген.

“Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу аяқталды. Қорғаныс тарапынан келіп түскен өтініштер мен оларға берілген жауаптарды жинақтап жатырмыз. Бір-екі күнде істі прокуратураға, кейін сотқа жолдаймыз”, – деді ол.

Қазіргі таңда күдікті ретінде екі адам – Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева танылып отыр. Жәбірленушілер саны 100-ден асады.

Еске салсақ, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға және соғыс салдарынан жапа шеккен палестиналықтарға жиналған 3,5 млрд теңге қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін жиналған қаражаттың да заңсыз пайдаланылғаны тергеу нысанында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматының өндіріс орындары экологиялық акцияға атсалысты

admin_qazyr

Қазақстанда дәрігер тапшылығы азайып, медицина саласына қаржы көлемі үш есеге жуық артты

admin_qazyr

Дархан Ахмед-Заки вице-министр қызметінен кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz