Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Перизат Қайрат 10 жылға сотталды: Алаяқтық ісінің мән-жайы

2025 жылғы 25 шілдеде Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шығарды. Сот оларды алаяқтық пен ақшаны заңсыз жылыстату бойынша кінәлі деп таныды деп хабарлайды Qazyr.kz

Сот шешімі бойынша Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы жеті жылға сотталды. Үкім апелляциялық шағым қаралғаннан кейін заңды күшіне енеді.

Сот отырысында прокурор Арман Кизікен күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда мемлекетке өтелетін мүлік туралы да мәлімдеді. Айыпталушылар 3,5 млрд теңге көлемінде қаржыны жымқырған деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, Kaspi Bank 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде Перизат Қайраттың қорына 620 млн теңге аударған. Сондай-ақ бұрынғы Jusan Bank «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына 300 млн теңге бөлген. Алайда қайырымдылыққа жиналған қаражаттың бір бөлігі зардап шеккендерге жетпей, Перизат Қайраттың жеке мақсаттарына жұмсалған.

Оған қоса, ол Палестина халқына көмек ретінде жиналған 200 млн теңгеден астам қаржыны да жеке қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Тергеу деректеріне сәйкес, жиналған қаржыға қымбат автокөліктер, элиталық жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар, сәнді киімдер мен шетелде демалыс ұйымдастырылған.

Сот шешімі қоғамда қызу талқылануда. Сарапшылар мұндай оқиға қайырымдылық саласына деген сенімді әлсіретуі мүмкін екенін айтып отыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бокс Олимпиада ойындары қатарынан алынып тасталуы мүмкін

Redaktor Site

«Қаржаубай айыптаумен бүгін ғана танысты» — адвокат

admin_qazyr

Монтайтас ауылы: «Туған жерге түлектердің тартуы»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz