Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Тимур Құлыбаев пен вьетнамдық Crystal Bay «Ак-Бұлақты» жаңғыртады

Алматы облысының туризм басқармасы «Ак-Бұлақ» курортын жаңғырту үшін екі ірі компаниямен меморандумға қол қойды. Инвесторлардың қатарында Вьетнамның ірі туроператоры Crystal Bay және қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Кипрос» компаниясы бар, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, келісім Алматы тау кластерін дамыту аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаға сәйкес, курорт аумағында жаңа гольф-клуб салынып, қонақүй кешені кеңейтіледі. Жалпы инвестиция көлемі 233 млрд теңгені құрайды, нәтижесінде 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір жобаның мастер-жоспары әзірленіп, топографиялық түсірілім жұмыстары аяқталған.

Сонымен қатар, аймақ әкімдігі Oi-Qaragai курортын да кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жобаға шамамен 83,2 млрд теңге жеке инвестиция тартылмақ. Ал Түрген мен Қаскелең шатқалдарын туристік дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге 70 млн теңге бөлінген.

Айта кетейік, «Кипрос» компаниясы толықтай Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Ол — Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы және Forbes мәліметі бойынша еліміздегі ең бай төртінші адам. Бұған дейін «Кипрос» жер телімдерін бөлуге қатысты бірнеше даулы жағдайларға тап болған еді. Мәселен, 2024 жылы компания Алматыдағы ҚазҰУ аумағындағы жерінен айырылса, 2025 жылы Ақмола облысындағы курорт аймағынан 53,4 млн теңге кадастрлық құны бар үш гектар жері қайтарылып алынған. Себебі компания бұл жерді он жылдан астам уақыт бойы пайдаланбаған.

Вьетнамдық Crystal Bay Group — қазақстандық туристерге қызмет көрсететін ірі туризм тобы. Компанияның Қазақстанда өкілдігі бар.

 

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылдан бастап Қазақстанда ескі көліктерге салық жеңілдіктері енгізіледі

admin_qazyr

Көктемдегі су тасқыны қанша шығын әкелді?

Redaktor Site

Биылғы жылдың пітір садақа мөлшері белгілі болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz