Петр Гланц, Всеволод Кузнецов, Принц Лимон мен Аконя: Comic Con Astana фестивалінің үшінші күні қалай өтуде.
Танымал дубляж актерлері Принц Лимон мен Аконя, Всеволод Кузнецов («Матрица» фильміндегі Неоның, Геральт пен Волан-де-Морттың дауысы) және Дедпул дыбыстамашысы Питер Гланц III Халықаралық Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді.
Comic Con Astana халықаралық фестивалінің үшінші күні танымал адамдар мен олардың жанкүйерлерінің кездесулеріне толы. Түске дейін танымал дубляж актерлері Всеволод Кузнецов пен Петр Гланц фестивальдің бас сахнасында жанкүйерлермен сұрақ-жауап кездесуін өткізді.
Көрермендер Всеволод Кузнецовты «Матрицадағы» Нео мен Ведьмак туралы дастандағы Геральттың дауысынан біледі. Оның даусымен орысша Киану Ривз, Том Круз және Брэд Питт, сондай-ақ етік киген мысық пен Хәрри Поттердің екі кейіпкері Волан-де-Морт және Римус Люпин сөйлейді. Оның барлығы 600-ден астам дубляж жұмыстары бар.
Актерге қойылған қиын сұрақтардың бірі дубляждың жасанды интеллект көмегімен жасалып жатқанына оның қалай қарайтыны және бұл мәселеде ЖИ актерлерді алмастыра ала ма?
«Қазір жасанды интеллект шығармашылық мамандықтағы адамдарды алмастыра алмайды, өйткені ЖИ ойлана алмайды. Бірақ көптеген актерлер де, өкінішке қарай, сахнада да, дубляжда да ойлануды білмейді. Осындай актерлерге қорқу керек, өйткені олар кейде жасанды интеллекттен де нашар дыбыстайды. Жасанды интеллект ойлауды үйрене салысымен бірден «Терминаторды» көріп, адамдарды құртуы мүмкін, сондықтан бізге ЖИ дамуын қалай шектеуге болатынын ойластырған жөн», — деп ұсынды актер.
Ол жанкүйерлерімен шығармашылық дағдарыстар мен актерлік жұмыстан шаршауды жеңудің құпиясын бөлісті:
«Мен әртүрлі салада жұмыс істеуге тырысамын. Пандемия кезінде көптеген әртістер үйлерінде студиялар жасады. Менің ойымша, әртістің микрофон мен тоңазытқыштың арасында жұмыс істеуі түбегейлі дұрыс емес. Ондайда толу болмайды. Мен студияға барып, көрерменмен тікелей жұмыс істеуге тырысамын.
Үлкен Мәскеу циркінде бірнеше рет өнер көрсетіп, спектакльдерде ойнадым. 3300 көрерменге арналған залда екі айда 100 спектакль қойдық. Өнер адамы үшін бұл толу, жаңару сәті».
Всеволод Кузнецов жанкүйерлеріне дубляж машығын дамыту, аударма сапасы, рөлді дубляждау кезінде және күнделікті өмірде бейпіл сөздер қолдану туралы айтты. Актер «көп қабатты» сөйлей алатынын, бірақ мұны өте сирек жасайтынын айтты. Ол сөйлеу барысында үнемі балағат сөздер қолдану қажетсіз және жағымсыз деп санайды, сондықтан әдетте әдепсіз сөздер қолданбайды.
Петр Гланц сахнаға шыққан алғашқы қадамнан бастап көрермендерге Дедпулдың дауысымен сөйледі. Айтпақшы, актер Райан Рейнольдстің өзі кейіпкерін орыс тілінде дубляждау үшін дауысын жеке мақұлдаған. Сондай-ақ, Питер Гланцтың даусын «Ауатар: Соңғы ауа әміршісі», «Фиксики», Спаня Боб Шаршы Шалбар» және Rise of the Teenage Mutant Ninja Turtles мультфильмдер мен мульсериалдарда естуге болады.
«Қазақстандық команда үшінші «Дедпулдың» дубляжын өте жақсы орындады. Бұл сериядағы үшінші фильм аударуға ең қиын болды. Онда түсіну үшін көп оқып, көпті көрген болу керек әзілдер бар. Ал қазақ аудармашылары әзілдерді бейімдеу үшін бәрін жасады. Бұған қоса, бұрынғы фильмдерге сілтеме жасайтын әзілдер де бар. Маған сіздердің жұмыстарыңыз қатты ұнады», — деп бөлісті Петр Гланц.
Ол Дедпулды Марвел әлеміндегі ең адамгершілігі мол кейіпкер деп атады. Ол Капитан Америка сияқты мінсіз позитив және «дұрыс адам» емес, зұлым да емес, оның жағымды да, жағымсыз да жақтары бар.
Сондай-ақ жанкүйерлерімен корей дорамаларын дыбыстайтын ерлі-зайыптылар Юрий мен Аруна Ким кездесті. Олардың SoftBox студиясы бүгінде дорамаларды орыс тіліне дубляждайтын ең танымал командаға айналды.
Жанкүйерлерді дыбыстаудың ерекшеліктері, ерлі-зайыптылар дубляж жасау үшін дорамаларды қалай таңдайтыны және корей тілінің аймақтық диалектілері сатури аудармасымен қалай жұмыс істейтіні қызықтырды.
Comic Con Astana фестивалінің әртүрлі аймақтарында қолтаңба-сессиялар, арнайы көрсетілімдер мен презентациялар өтіп жатты.
Азиялық танымал мәдениет, манга мен аниме жанкүйерлері үшін Otaku Zone жұмыс істеді, ал видеойындарды жақсы көретіндер жаңа дүниелермен танысып, Game Place аймағында PlayStation 3 және 5, Xbox 360, Sega және Nintendo-да ойнады.
Фестивальдің бас сахнасында жүлде қоры 12 000 000 теңге халықаралық косплей байқауының үшінші іріктеу кезеңі өтті. Оған қатысуға 14 елдің косплейшілері өтініш білдірді: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, БАӘ, Қытай, Гүржістан, Черногория, Ұлыбритания, Армения, Кипр және Тайланд.
Биыл фестивальдің арнайы қонақтарының арасында блогер Ян Топлес пен Anastasiz, дубляж актерлері Ислам Ганджаев, Егор Васильев, суретші-иллюстратор Джуни (Djuney9) бар.
Бүгін атақты дат актері, «Ганнибал» сериалының жұлдызы Мадс Миккельсен бас сахнада қолтаңба-сессия өткізді.
III Халықаралық Comic Con Astana фестивалі 25-28 шілдеде Қазақстанның астанасында өтіп жатыр. Шараға тағы да әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп жатыр, барлығы 45 000-ға жуық билет сатылды.