Qazyr.kz порталы
ҚазірСаясатэкономика

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінде Қазақстанның экономикалық әлеуетін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық жетістіктеріне тоқталып, шетелдік бизнес қауымдастықпен ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді деп хабарлайды Qazyr.kz

Президенттің айтуынша, Шетелдік инвесторлар кеңесі жиырма жылдан астам уақыт бойы инвестицияға қолайлы экожүйе қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Бұл алаң алдағы уақытта да стратегиялық серіктестікті нығайтуға қызмет етпек.

– Кеңестің көмегімен ашықтықты арттыру, бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету және инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында кешенді реформалар жүзеге асуда, – деді Мемлекет басшысы.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық ІЖӨ өсімінің баяулауын, инфляциялық қысым мен жеткізу тізбегіндегі кедергілерді атап өтті. Соған қарамастан, Қазақстан биылғы бес айда 6 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткізді.

Мемлекет басшысы Инвестициялық штабтың жұмысын ерекше атап өтті. Бұл құрылым 70 миллиард долларлық 137 жобаны сүйемелдеген. Сондай-ақ инвесторлар құқығын қорғау үшін «прокурорлық сүзгі» тетігі енгізілді.

Президент агроөнеркәсіп кешеніндегі әлеует, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика салаларындағы жобалар туралы айтып, Alstom, Wabtec және Stadler сияқты ірі халықаралық компаниялардың серіктестігін мысалға келтірді. Сонымен қатар, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту мәселелері де күн тәртібінен түспейтінін атап өтті.

– CryptoCity пилоттық жобасы аясында криптовалютаны күнделікті өмірде пайдалану мүмкін болады. Ал АХҚО – қаржылық технологиялар мен жасыл экономика бағытында өңірлік көшбасшы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыста ЕҚДБ, АДБ, CNPC, VEON, Alstom секілді ірі ұйым өкілдері сөз сөйлеп, Қазақстанмен әріптестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін білдірді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Қырғызстандағы су станциясының құрылысына кепілдік береді

redaktor_qazyr

Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр

admin_qazyr

Қазақстандықтарға 60 млрд теңге мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер төленді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz