Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Президент Тоқаев ҚҚС туралы: мөлшерлеме сараланған болуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесуінде қосымша құн салығы (ҚҚС) туралы пікір білдірді.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Президенттің айтуынша, кез келген реформа жан-жақты сарапталып, байыппен жүргізілуі тиіс. Ол экономика салаларының ерекшеліктерін ескеріп, түрлі нұсқаларды қарастыру маңызды екенін атап өтті.

«Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім қатаң тапсырма ретінде қабылданады. Соған қарамастан, бұл мәселеде өз ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, ҚҚС мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы түпкілікті шешім нақты есептеулер негізінде, сарапшылар мен депутаттардың пікірін ескере отырып қабылдануы қажет екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық кәсіпкердің қорасы отқа оранды

redaktor_qazyr

Қайтарылған активтер қаржысына Семей қаласында Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

admin_qazyr

БҚО: Күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz