Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Балалар хирургиясының негізін қалаушы дәрігер Камал Ормантаев өмірден озды

Белгілі академик, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев 88 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұл суық хабарды 2025 жылдың 12 ақпанында ұлы Жарас Ормантай айтты.

«Бүгін түнде менің сүйікті әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев дүниеден өтті», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Камал Сәруарұлы Ормантаев – педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1968-2011 жылдары ҚазҰМУ-дың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, сонымен қатар Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің деканы (1978-1980, 1989-1991) және Қазақстан Республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1919-1918) болды. Ол 20 мыңға жуық хирургиялық араласу жасап, Қазақстанда бірінші болып балалардың кеуде қуысының туа біткен деформациясына торакопластика жасады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Хокингтің болжамы: Адамзат жойылып кетуі мүмкін бе

admin_qazyr

Қырғызстанда балмұздақ тиелген көлік 29 оқушыны басып кетті

redaktor_qazyr

Елімізде міндетті әскери қызметті өтеуді жою туралы петиция пайда болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz