Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Президент UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған сарбаздарды марапаттады

Биыл Дубайда өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысқан. Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» және «Томирис» командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» командасы төртінші орынға ие болды. Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсетті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Мемлекет басшысы жеңімпаздарды құттықтап, бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.

– «Елдің атын ер шығарар» деген. Сайыпқыран сарбаздарымыз көк туымызды асқақ желбіретті. Төрткүл дүние жауынгерлеріміздің мықтылығына куә болды. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Осындай жеңісті сәттер барша халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтереді. Ел қорғаны мықты болса, Қазақстанның еңсесі әрдайым биік болмақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Қазақстанға қатысты сауда шектеулерін алып тастауы мүмкін

redaktor_qazyr

ҚазМұнайГаз: Ынтымақтастық артуда

redaktor_qazyr

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың 4 ауыз сөзі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz