Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестерРуханият

Қарлығаштар жайлы қызықты деректер

ҚАРЛЫҒАШТАР

1. Қарлығаштар 4-5 жыл өмір сүреді.
2. Қарлығаштар жылы жаққа ең бұрын аттанатын жыл құсы. Мамырда келіп, тамыз айының ортасында кете бастайды.
3. Қарлығаштар ұясын адамдардың тұрағына, үйіне, сарайына, тіпті балконына салады. Ұясын бұзбасаңыз, келесі жылы дәл сол жұбымен, дәл сол ұясына қайтып оралады.
4. Қарлығаштар — өте шапшаң ұшатын құс. Торғай, көгершін, қарға, сауысқандардан әлдеқайда шапшаң.
5. Олар ауада ұшып жүріп қоректенеді.
6. Ешқашан жерге қонбайды, электр сымына, ағаштарға қонады.
7. Жаяу жүріп келе жатқанда, қасыңызда қарлығаш еріп ұшып жүрсе, таң қалмаңыз. Олар Сіздің маңайыңыздағы және Сіз шөп арасынан үркіткен шыбын-шіркеймен қоректеніп келе жатыр.
8. Қарлығаш — қазақта қасиетті құс. Оны «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» аңызына көреміз. Қарлығаштың ұясын бұзбайды. Соны бұзбау үшін киіз үйін жықпай, елмен бірге көшпей қалған Төле би Қарлығаш әулие атанған. Ташкенттегі Төле би кесенесі «Карлыгач әулие кесенесі» деп аталады.
9. Қарлығаштар қыста ең алысқа кететін құстар. Қазақ даласынан ұшқан қарлығаштар тіпті, Азияны, Сахара шөлін, Джунгли ормандарын кесіп өтіп, Оңтүстік Африка Республикасына жетіп қыстайды.
10. Қарлығаштың адамға үйір болатын себебі, олар адамдардан өзіне қауіп жоқ екенін, адамдар жүрген жерге өзінің жаулары (сұңқар тұқымдас жыртқыш құстар) келе алмайтынын біледі. Адамға қарлығаштан келер пайда болмаса, зиян жоқ, асқабақ, қызанақ, қиярларды шоқып, тесіп тастайтын сауысқан емес, сабынға дейін ұрлап кететін қарға емес. Сарайыңызға ұя салса, ондағы шыбын-шіркей, маса-сона, басқа да зиянды жәндіктер (насекомдар) дегендерден құтыласыз.
11. Ислам дінінде қарлығаштарды әспеттейді. Алғашқы кездегі Исламда қарлығаштар «Құран» сүрелерін айта алатын құс» ретінде сипатталады.
12. Ұясынан құлап кеткен балапанды көтеріп, қайтадан ұясына қоюға болады. Даладан қарлығаш балапанын көріп, үйге алып келуге болмайды. Оны Сіз бәрібір асырап-баға алмайсыз.
13. Қытайлар қарлығашты да, оның балапандарын да, жұмыртқасын да жейді. Ұясын да жеп қояды. Қарлығаш ұясы (сілекейі) адам ағзасына өте пайдалы минералдар мен металдарға (кальций, фосфор, йод т.б.) бай.
14. Қарлығашқа нан қиқымдарын бермеңіз, жемдегіңіз келсе, одан да таракан, шыбын т.б. жәндіктерді өлтіріп беріңіз.
15. Бұл қауіпсіз жерде қарлығаштардың ең басты жауы — үйіңіздегі мысық. Және егеуқұйрықтар (крыса), тышқандар. Орманда түлкі мен қарсақтың жақсы тамағы.
16. Қарлығаштар ұясын көп еңбекпен 45 күндей тұрғызады. Егер бұзылып қалса, оны қайтадан салуға уақыты болмайды.Өмірзая…

Ұқсас жаңалықтар

Сәлемдесе білесіз бе?

redaktor_qazyr

Ашуға бой алдырмас бұрын

Redaktor Site

Ғабит Мүсірепов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz