Бір даугер Қожанасырды куəлікке тартқан екен, жауапкер «Қожанасыр қажыға бармаған адам, оның куəліктен өтуіне шарты толмайды » деп қасарысып тұрып алыпты.
– Мен бала кезімде-ақ қажыға барғанмын, – депті Қожекең міз бақпастан.
– Қажыға барғаның рас болса, – депті қазы Қожанасырға, – қане айта қойшы, зəмзәм суы шығатын құдық Қағбаның қайсы жағында екен?
– Мен қажыға барған кезде бір топ адам «Зəмзəм құдығын қайсы жерден қазсақ болар екен» деп ақылдасып жатқан кезі екен, – деп жауап беріпті Қожекең.
|
|
Қожанасыр әңгімесі
⚡ Неге бұл маңызды:
Бір даугер Қожанасырды куəлікке тартқан екен, жауапкер «Қожанасыр қажыға бармаған адам, оның куəліктен өтуіне шарты толмайды » деп қасарысып тұрып алыпты. – Мен бала кезімде-ақ қажыға барғанмын, – депті Қожекең міз бақпастан. – Қажыға барғаның рас болса, – депті қазы Қожанасырға, – қане айта қойшы, зəмзәм суы шығатын құдық Қағбаның…
Оқырман барометрі
Бұл материал сізге қандай ой салды?