Qazyr.kz порталы
Руханият

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов 1900 жылдың 26 сәуірінде Ақмола губерниясына қарасты Петропавл уезінің Таузар болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан оьлысы Жамбыл ауданы, Мұқанов атындағы совхоз) туған. Жазушының туып өскен дәуірінде жалғыз оқу-барлық қазақ ауылындағы сияқты молда оқуы болатын. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасынан көп тараған қисса поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға, ертегі- әңгімеге әуес бала әдебиет үлгілерін тауып, оқи бастайды. Ол кездегі азын-аулақ қазақ кітаптары да ескі өзбек немесе татар оқығандарының қолында болатын. Алғашқы қазақ кітаптары Қазанда, Петербургте шыққан.

С. Мұқанов Омбы қаласындағы мұғалімдік оқуға түседі. Оны бітірген соң, көп ұзамай кеңес қызметіне көшеді.

1922 жылы Орынбар қаласында жұмысшы факультетінде (рабфак) оқиды. Осы кезде орысша үйреніп, орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның үлкен дариясынан сусындайды. Біліміне ақындық таланты ұштасқан С. Мұқанов осы кездерде бірнеше өлеңдерін шығарады, ал 1926 жылы рабфакті бітіріп шыққан соң «Батырақ», «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазады. Өлеңдері мен поэмалары бірнеше кітап болып басылады. 1927 жылы Қазан төңкерілісінің он жылдығына С. Мұқанов бас болып қазақ ақындарының өлеңдерін жинап «Ленин» және «Ақындар шашуы» деген екі кітап бастыртады.

1926-1928 жылдары С. Мұқанов республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, баспа орындарында қызмет істеген. Мұнан кейінгі жылдарда Ленинград университетінде, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институнда оқып, оны 1935 жылы бітіріп шығады. Осы кезеңде С. Мұқанов белгілі «Майға сәлем», өлеңін, «Көмір-коммунизм», «Ақ аю» поэмаларын жазады.

Дереккөз: Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кiтапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова-Мен сізді ұнатамын

Redaktor Site

Әділ Ботпанов-Өмір

Redaktor Site

Міржақып Дулатұлы — Қайда едің?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz