Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда.
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жемің бітсе жалт береді,
Сенерлік дос санама.