22.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Айтарым барБасты ақпаратҚазірҚоғамэкономика

Салық реформасы: көрінбей қалған көлеңке

Үкімет Парламентке жаңа Салық Кодексінің жобасын алып келді. Осы тұста барлығы негізгі тұсы – қосымша құн салығының ставкасы мен оның шегіне ғана назар аударып кетті де, біршама басқа да жаңашылдықтар тасада қалып қойды. Бірақ Прада киетін дьяволдың детальдарда тығылып отыратынын ұмытпаған дұрыс.

Банк пен құмар ойын саласы 25 пайыз болатын ең жоғарғы корпоративті табыс салығын төлемек. Банктердің рекордты табыс алып жатқанын ескерсек, бұдан бюджетке қомақты қаржы түседі. Және енді банк операцияларына да қосымша құн салығы салынбақ. Демек, болашақта банк қызметі халық үшін арзандайды деп айту қиын, сеебі салық жүктемесінің шығынын банк қызмет комиссиялары арқылы өндіріп алады.

Жарнаманы орналастырғаны және лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер алынып тасталады. Бірақ ақпарат құралдары қосымша құн салығынан босатылмайтын сияқты. Осы орайда парламент депутаттары қосымша ұсыныс енгізе алады.

Түрлі салық жеңілдіктеріне ревизия жасалды. Жеке кәсіпкерлерді осы мәселе көп алаңдатқан болатын. Енді үш режим ғана болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа жеңілдікті режим, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі және шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

Оңайлатылған декларациядағы режиммен жұмыс істеу үшін кәсіпкер B2C бағытында болуы тиіс. Яғни бизнеске емес, халыққа қызмет етуі керек. Осы орайда, үй жанындағы дүкендер, халыққа тауар сататындар, шаштараздар, киім тігетіндер, аяқ киім жөндейтіндер сияқты қызмет көрсету өкілдері үшін ештеңе өзгермейді. Оларға уайымдауға негіз жоқ. Кіріс лимиті қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Және қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Салық ставкасы 3 емес, 4 пайыз болып бекітілді. Бірақ оны жергілікті мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады.

Макаллан ішу әдетке айналса, бюджетпен де бөліс

Байлар көп салық төлемек. Алдымен, «сән-салтанат салығы» енгізілмек. Құны 450 миллион теңгеден асатын үйлерге салық көбеймек. Ал бағасы 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізіледі. Қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер төленеді.

Айбар Олжаев

Ұқсас жаңалықтар

Жүрексіз өмір

redaktor_qazyr

Өскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды

redaktor_qazyr

Полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz