Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Салық заңнамасы экономика салалаларының ерекшеліктеріне қарай өзгереді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.

Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде.

Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Петр Гланц, Всеволод Кузнецов, Принц Лимон мен Аконя: Comic Con Astana фестивалінің үшінші күні қалай өтуде

redaktor_qazyr

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

2025 жылы Қазақстанда студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы елеулі түрде өседі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz