Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазір

Шардарада 5400 түп ағаш егілді

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен №4 ықшамауданындағы жаңадан салынған «Болашақ» саябағында ерікті жастар мен мекеме қызметшілерінің қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтті.

Арман Романұлы өзі тал егуді бастап, бүгінгі егілген көшеттер ертеңгі күні балаларымыз саялайтын, табиғатты таза ауамен қамтамасыз ететін қастерлі дүние болатынын жеткізді. 1 наурыз – Алғыс айту күні және ауданның 60 жылдығы мерейтойына орай, бүгін аудан көлемінде 2000-нан астам ерікті мен аудан тұрғындары жаппай сенбілік, көшет егу жұмыстарына белсенді қатысып, 5400 дана көшет отырғызды. Сондай-ақ 53 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Айта кетсек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен жылы ауданда 76 рет сенбілік өткізілді. Ал биыл 606 шақырым жол бойлары мен 1311 ұсақ белгіленбеген қоқыс орындарын жоюды, 42 300 түп ағаш егу, 67 аялдаманы қайта салу және әктеп-сырлауды, 71 шақырым аяқжолдар мен 73 га саябақтарды, 6 га скверлерді, 75 дана көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен 62 спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшаларын, 111 шақырым ирригация жүйелерін тазалау, ретке келтіру жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды

redaktor_qazyr

Қазақ-әзербайжан ынтымақтастығын дамыту: Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды

admin_qazyr

Монтайтаста балалар ойын алаңшасы салынып жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz