Qazyr.kz порталы
БілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI»-нің құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған.

Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген.

Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадам — «ABAY-Programme» біртұтас білім беру бағдарламасының әзірленуі болып табылады. Ол көптілді, зиялы және ұлттық сипаттағы тұлғаны қалыптастыруға негізделген.

Мектеп сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында «Абай зертханасы» құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығына айналады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда алғашқы ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

admin_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қалқаман Сарин-Айсұлу

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz