Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Департамент басшысы лауазымына Қанат Турсымбайұлы Сулейменов тағайындалды.

Жаңа басшыны қала активі мен қызметкерлерге Агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов таныстырды.

Қанат Турсымбайұлы 1968 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген.

1994-2019 жылдар аралығында ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2019 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаментін, 1-департаментін, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментін басқарған.

Қанат Турсымбайұлы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Агенттіктің Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы лауазымын атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ұн өндіретін кәсіпорындар неге күрт азайды

admin_qazyr

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты деректер жарияланды

admin_qazyr

Батыс Қазақстанда заңсыз жер сатқандар құрықталды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz